АҚШ визасы бойынша онлайн кеңес
Алғаш рет өтініш бергелі жүрсіз бе немесе АҚШ визасынан бас тарту алдыңыз ба? Ардакпен ақылы кеңесте DS-160 анкетасын, құжаттарды және сапар мақсатын талқылап, келесі қадамдарды белгілейсіз. Астана, Алматы және Қазақстанның басқа қалаларынан онлайн қатысуға болады.
Кеңес бағасын WhatsApp арқылы білу ↗АҚШ визасын беруден бас тарту: 214(b) және 221(g)
Хабарламада көрсетілген баптан бастаймыз. 214(b) бойынша шешім берілген өтінішке қатысты. Жаңа өтінішті қарастырсаңыз, алдыңғы өтініштен бері не өзгергенін және оны қалай растауға болатынын талқылаймыз. 221(g) бойынша консулдық қосымша мәлімет сұратуы немесе әкімшілік тексеру жүргізуі мүмкін. Алдымен хабарламадағы нұсқауды қараймыз.
Хабарламаны, бұрынғы анкетаның көшірмесін және есіңізде қалған сұрақтарды дайындаңыз. Кеңесте қай мәліметті нақтылау керегін белгілейміз.
DS-160 анкетасын толтыру және тексеру
Сапар мақсатын, күндерін, АҚШ-тағы байланыстарды, шығынды кім өтейтінін, жұмыс немесе оқу туралы мәліметтерді бірге тексереміз. Бұрынғы сапарлар мен визалық өтініштерді анкета сұрақтарына сай дәл көрсетіңіз.
Анкета жіберілген болса, растау бетін дайындаңыз. Түзету қажет болса, өтініш беретін консулдықтың нұсқауын тексеріңіз.
АҚШ визасына сұхбатқа дайындық
Сапар мақсаты, мерзімі, қаржыландыру және Қазақстанға оралғаннан кейінгі жоспарлар туралы сұрақтарды талдаймыз. Жауаптарды нақты жағдайыңыз бен анкетаңызға сүйеніп жаттықтырамыз.
Кеңестен кейін қандай жауаптарды нақтылап, қандай құжаттарды дайындау керек екенін білесіз. Виза беру туралы шешімді АҚШ консулдық қызметкері қабылдайды.
Ақылы кеңеске қалай жазылуға болады?
WhatsApp арқылы қалаңызды, сапар мақсатын және басты сұрағыңызды жазыңыз. Бас тарту болса, хабарламада қандай бап көрсетілгенін айтыңыз. Алғашқы хабарламаға паспорт немесе банк құжаттарын жіберудің қажеті жоқ. Кеңестің бағасы мен уақытын алдын ала келісеміз.
Кеңес бағасын WhatsApp арқылы білу ↗